02
октябрь
2024
Ұстаздар күні
t.tohtarov_atyndagy_mektep «Ұстаздақ еткен, жалықпас үйретуге балаға» демекші, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, маңдай терлерін төгіп жүрген, еліміздің болашағына зор үлестірін тигізіп келе жатқан, Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасының «Педагог зерттеуші», математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, Мейрамгуль Шакеновна Кайсенова және «Педагог- зерттеуші», математика пәнінің мұғалімі, Наталья Петровна Агарина ұлағатты ұстаздар күніне орай, «ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН» Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтан құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұстаздарымызды құрмет грамотасымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс, биік белестерді бағындыра берулерін тілейміз! Біз сіздердей ұстаздармен мақтанамыз...