01
июнь
2025
"1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні "
"Т. Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы" КММ-де 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты
балалардың қуанышын еселеп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару болды.
Мектеп директоры М. Ш. Кайсенова балаларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Іс-шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар, концерттік бағдарламалар, сурет
байқауы және сыйлықтар таратылды. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш
етті.
Демеушілік жасаған Өскемен ауылдық округінің әкімі О.М.Карабалинова және "Турашева" ЖК оқушылар атынан, мектеп әкімшілік атынан алғыс білдіреміз.
#Қазақстанбалалары
#Балаларүні
#балалардықорғаукүні