27
август
2025
"Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы"КММ-де “Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдылықтары” тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.
27.08.25 ж "Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы"КММ-де “Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдылықтары” тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңеске ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бөлімі жетекшісінің орынбасары Асанова Мунлык Искаковна қатысты.Күн тәртібінде
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы . Мемлекеттік білім беру саясатының негізгі бағыттары мен жаңа нормативтік өзгерістер туралы:
1.1 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 2025-2026 оқу жылында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі әдістемелік-нұсқау хатты түсіндіру.
1.2 Өткен оқу жылының талдауы негізінде білім беру сапасын және оқу жетістіктерін арттыру мәселелері
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы (Әкімшілік өкілдері)
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы:
3.1.Санитарлық нормалардың сақталуы.
3.2 .Білім алушыларды тамақтандыру.
3.3.Инклюзивті ортаны ұымдастыру.
3.4.Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері.
3.5. Мектептің жұмыс кестесі туралы мәселелер қаралды.
Педагогикалық кеңес нәтижесінде ұсыныстар қабылданып, жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды.